375

Dala.Camp Forum 2026: мал шаруашылығы саласының 10 жылдық жол картасы қалыптасады

Қазақстанда салалық күн тәртібін айқындайтын маңызды диалог алаңдарының бірі — Dala.Camp Forum 2026 өтпек. Форумның бастамашысы әрі негізгі спикерлерінің бірі — Қазақстан мал өсірушілер одағы мен «Ангус Қазақстан» республикалық палатасының директоры Даурен Салықов. Оның айтуынша, сала жүйелі шешімдерге және бизнестің ортақ, келісілген ұстанымына дайын.

Dala.Camp Forum 2026: мал шаруашылығы саласының 10 жылдық жол картасы қалыптасады
Dala Camp

smartnews.kz хабарлағандай, форум аясында Даурен Салықов мал шаруашылығын дамытудың алдағы бес жылға арналған жоспарының тұжырымдамасын таныстырады. Бұл құжат саланың бірыңғай стратегиясын қалыптастырып, Қазақстанның ет индустриясын келесі онжылдықта дамытуға негіз болмақ. Негізгі басымдықтар — ішкі тиімділікті арттырумен қатар, экспорттық әлеуетті кеңейту.

Dala.Camp Forum 2026 кәсіби қауымдастық үшін «тоғысатын нүкте» ретінде ұсынылады. Талқылаудың басты тақырыптары — Азия нарықтарына шығу, Қазақстанды өңірлік ет хабына айналдыру, экспорттың негізгі шарты саналатын ветеринариялық қауіпсіздік, инвестициялық модельдер, генетика және фермерлік шаруашылықтардың тиімділігін арттыру. Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, АҚШ, Бразилия, Нидерланд, Франция, БАӘ және Түркиядан шамамен 150 делегаттың қатысуы күтілуде.

Іс-шараға Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы, Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы, «Атамекен» ҰКП, Kusto Group, Kusto Agro, KazBeef, TERRA, Қазақтың ақбас тұқымы республикалық палатасы, Қалмақ тұқымы республикалық палатасы, «Қайып-Ата» ЖШС, «Агро Семья», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және өзге де салалық ұйымдар мен компаниялар қатысады.

Даурен Салықовтың айтуынша, мұндай алаңды құру — кәсіби қауымдастықтың тығыз кооперацияға және бүгіннің өзінде нақты нәтиже беретін шешімдерді енгізуге деген сұранысына берілген жауап.

📅 2026 жылғы 14–15 ақпан
📍 Rixos Burabay, Қазақстан
🌐 Тіркелу: forum.dalacamp.kz
📞 +7 775 338 7130

Орын саны шектеулі.