Түркістандық жас теннисші әлемдік рейтингтің үздік ондығына кірді

03.02.2026, 14:14
246
Түркістандық жас теннисші әлемдік рейтингтің үздік ондығына кірді ktf.kz

Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисі тарихында жаңа рекорд орнатты.

 SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Australian Open–2026 турниріндегі сәтті өнерінен кейін қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors әлемдік рейтингінде айтарлықтай жоғарылады.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Түркістан қаласының тумасы рейтингте 12-орыннан 9-сатыға көтеріліп, мансабында алғаш рет әлемнің үздік он жас теннисшісінің қатарына кірді.

Нұрланұлы 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Аустралияның ашық чемпионатында жекелей сында жартылай финалға дейін жетіп, Қазақстан теннисі тарихында жаңа белес орнатты. Бұған дейін елімізден бірде-бір спортшы юниорлар арасындағы Australian Open турнирінде жартылай финалға шығып көрмеген.

Бұдан бөлек, ол 2025 жылдың күзінде US Open Juniors турнирінде де жартылай финалға дейін жеткен болатын. Осылайша Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирлерде екі рет жартылай финал ойнаған Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанды.

Қазіргі таңда бірден үш қазақстандық спортшы WTA, ATP және ITF Juniors рейтингтерінің үздік ондығында тұр.

Атап айтқанда, Australian Open–2026 чемпионы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үшінші орында орналасқан. Александр Бублик — оныншы сатыда. Ал Заңғар Нұрланұлы — тоғызыншы орында.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды