436

Назарбаев ауылдағы кәсіпкерге жер бермегені үшін жазаланды

Кәсіпкерде барлық рұқсат құжаттары бола тұра, жер телімі берілмеген.

Назарбаев ауылдағы кәсіпкерге жер бермегені үшін жазаланды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысы Бейімбет Майлин атындағы ауданға қарасты Әйет ауылдық округінің әкімі Ерлан Назарбаев кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру барысында әкім жергілікті кәсіпкерге газ құбырын тарту үшін қажет болған көлемі 0,1 гектар жер учаскесін беруден негізсіз бас тартқаны анықталған.

Аталған кәсіпкерде жер комиссиясының оң қорытындысы да, бекітілген жерге орналастыру жобасы да болған. Бұл құжаттардың барлығы мемлекеттік қызмет алу кезінде уәкілетті органға ұсынылған.

Соған қарамастан, өтініш иесіне жер телімін беру туралы шешім шығарылмай, ресми түрде бас тарту жолданған. Осыдан кейін кәсіпкер Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментке шағым түсірген.

Департамент пен прокуратуры жүргізген бірлескен тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтар расталды. Соның негізінде жер учаскесі кәсіпкерге өтінішті қайта тапсырмай-ақ берілген.

Әйет ауылдық округінің әкіміне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Материал авторы