Депутат қазақ тілін өзгелерге тықпалайтындарға қарсы ескерту жасады

04.02.2026, 11:54
646
Депутат қазақ тілін өзгелерге тықпалайтындарға қарсы ескерту жасады @mazhilis_kz

Ермұрат Бәпи қазақ тіліне қатысты талапты ерегіс құралына айналдырмау керек дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс отырысында депутат Ермұрат Бәпи қазақ тілін өзгелерге күшпен тықпалаудың қажеті жоқ екенін айтты. Оның пікірінше, тілді текетірес пен ерегістің құралына айналдыру қоғамға еш пайда әкелмейді.

“Әрине, азаматтық ұстаныммен айтылатын сынға шектеу болмауы тиіс. Бірақ тілге қатысты сын мен талапты ерегісу құралына айналдыру қажет емес. Өзінің тілін өзгеге өктемдікпен тықпалаған идеялар пайда болған заманда, есермен егесу – естінің ісі болмайды”, – деді депутат.

Бәпи жаңа Конституция жобасына байланысты қоғамдық пікірлерге де тоқталып, ұлттық намыс пен мемлекеттілікті сақтаудың маңызын атап өтті. Депутаттың айтуынша, жаңа Конституцияда орыс тілі бұрынғыдай ресми тіл мәртебесінде қалды. Сонымен бірге, мемлекет қазақ тілін үйретуге арналған жобаларға – мысалы, Steppe Rider ойынына – бюджеттен 242 миллион теңге бөлінгенін еске салды.

“Үлес салмағы 70 пайыздан асқан халық өзінің тілін өзгеге өктемдікпен емес, байыппен үйреткені – әлдеқайда тиімді. Тілді текетірес қаруы етуге болмайды”, – деді Бәпи.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады