438

«Ешкім мәжбүрлеген жоқ»: Желіде мұғалімдердің Жаңа Конституцияны қолдаған жазбалары көбейді

Мұғалімдер флешмобқа шығып, желіде әзілге айналды.

«Ешкім мәжбүрлеген жоқ»: Желіде мұғалімдердің Жаңа Конституцияны қолдаған жазбалары көбейді
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елімізде мұғалімдер жаңа Конституция жобасын қолдау мақсатында флешмоб бастады. Олар Threads әлеуметтік желісінде «Менің Конституциям – менің болашағым!» және «Мен жаңа Ата заңды қолдаймын!» деген жазбаларды жариялап жатыр.

Алайда желі қолданушылары мұғалімдерге пост жазуды тапсырыс берген билікті сынап, бұл акцияны әзілге айналдырды. Скриншоттарда мұғалімдерге тапсырма берілгені көрсетілген: Threads желісін жүктеп, жаңа Конституция жобасын қолдау.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева бұл мәселеге пікір білдіріп, мұғалімдерге ешкімді мәжбүрлей алмайтынын атап өтті.

«Бұл ақпаратты тексеру қажет. Мұғалім құқықтарын қорғай алады. Егер оларға міндеті емес нәрсені жасауға мәжбүрлесе, заң бойынша шағымдануға болады», – деді депутат.

Имашева мәлімдеуінше, педагогтарды белгілі бір пікірді жариялауға мәжбүрлеу дұрыс емес.

«Мен бұл ақпаратқа қазір сенбеймін. Әркімнің өз пікірі бар», – деп түйіндеді ол.

Қазіргі уақытта мұғалімдерді мәжбүрлеу фактісін ресми түрде растайтын деректер жоқ.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор