SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қолдау алу үшін агробизнеске қосымша талаптар енгізгенін хабарлады. Енді субсидия алатын шаруалар мен өңдеушілер тек қолдау алып қана қоймай, қаржылық көрсеткіштер мен өндіріс көлемін сақтап, кейде арттыруға міндетті болады.
Негізгі талаптар:
Өсімдік және мал шаруашылығында — өнім көлемін ақшалай есеппен өткен жылғы деңгейден төмендетпеу немесе ұлғайту;
Өңдеушілер үшін — сары май, қатты ірімшік, құрғақ сүт пен бидай желімшесі өндірісін ақшалай көлемде сақтау немесе арттыру.
Қосымша шарттар:
Өңдеушілер салық аударымдарын және соңғы екі жылдағы еңбекақы қорын төмендетпеуге міндетті.
Қолданылу мерзімі:
Бір қаржы жылында субсидия көлемі 100 млн теңгеден асқан жағдайда;
2029 жылдан бастап барлық АӨК субъектілеріне міндетті.
Міндеттемелер орындалмаса:
Бір рет бұзса — 1 жылға субсидиядан айырылу;
Қайталанса — 2 жылға тыйым салынады.
(Табиғи апат немесе індет сияқты форс-мажор жағдайлар есепке алынады.)
Есептеу әдісі Ұлттық статистика бюросының орташа бағаларына сүйенеді. Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
RUS