Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген бизнес-орталығы аукционға қойылды

04.02.2026, 16:29
247
Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген бизнес-орталығы аукционға қойылды SMARTNEWS.KZ коллажы

Kaisar Plaza бизнес-орталығының бастапқы бағасы 61,5 млрд теңге болып белгіленді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласында орналасқан, бұрын Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған Kaisar Plaza бизнес-орталығы ашық сауда-саттыққа қойылды. Нысанды «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» сатылымға шығарған.

Мемлекеттік мүлік тізілімінің sauda.e-qazyna.kz порталындағы мәліметке сәйкес, тоғыз қабатты Kaisar Plaza көпфункционалды бизнес-орталығының бастапқы бағасы 61,5 млрд теңге болып белгіленген. Аукционға қатысу үшін 9,2 млрд теңге көлемінде кепілдік жарна төлеу қажет. Сауда бағасы өсім тәртібімен өтеді.

Ғимарат Алматы қаласындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан. Қазіргі таңда нысанда әртүрлі мерзімге жалға алу шарттарымен жұмыс істеп отырған 53 жалға алушы бар. Жалпы алаңы 63 920 шаршы метр деп көрсетілгенімен, құжаттарда аумаққа қатысты айырмашылық бар екені хабарланды.

Лот сипаттамасында ғимараттың техникалық құжаттарындағы деректер сәйкес келмейтіні атап өтілген. Атап айтқанда, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамада ғимараттың жалпы аумағы 63 920 шаршы метр деп көрсетілсе, техникалық паспорттың көшірмесінде 56 480 шаршы метр деп берілген. Айырмашылық 7 440 шаршы метрді құрайды.

Бұл алшақтық панорамалық қабаттың (2 297 шаршы метр) іс жүзінде ғимараттың шатыры ретінде есептелуімен және жалпы аумаққа енгізілмеуімен, сондай-ақ қайта өлшеу нәтижесінде жалпы аумақтың 5 143 шаршы метрге қысқаруымен байланысты екені көрсетілген.

Аукцион 7 сәуір күні өтеді. Қатысуға өтінім қабылдау сол күні сағат 09:55-те аяқталады.

Еске салайық, 2024 жылы Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке бірқатар активтерін қайтарған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, 2022 жылдан бері мемлекет пайдасына қайтарылған активтер мен мүліктің жалпы құны 732,8 млрд теңгеден асады немесе шамамен 1,6 млрд АҚШ долларын құрайды.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлынан тәркіленген нысандардың қатарында Kaisar Towers бизнес-орталығы да болған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді