Ақтауда подъезде әйелдер ішкиімін ұрлаған ер адам камераға түсіп қалды (ВИДЕО)
Көпқабатты үйдің кіреберісінде жайылып тұрған іш киім қолды болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орналасқан кіреберісте әйелдер ішкиімін ұрлау дерегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
Бейнежазбада ер адамның баспалдақ алаңына көтеріліп, кір жайылатын кептіргішке жақындағаны анық көрінеді. Ол алдымен әйелдерге арналған бюстгальтерді алып, пакетіне салады. Одан кейін бірнеше киім-кешекті таңдап алып, өзімен бірге алып кеткен.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша тексеру басталғанын хабарлады.
«Бейнежазбаға түскен ер адамның жеке басы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша оның әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді полиция.
Полиция азаматтарды жеке мүліктің сақталуына мұқият болуға және қосымша ақпарат болған жағдайда «102» нөміріне жедел хабарлауға шақырды.
Материал авторы