Таразда күйеуіне ерегесіп ұлын ұрған әйел: Ер адам сот арқылы балаларын қайтармақ (ВИДЕО)

05.02.2026, 10:57
202
Таразда күйеуіне ерегесіп ұлын ұрған әйел: Ер адам сот арқылы балаларын қайтармақ (ВИДЕО) бейнежазбадан

Анасынан қорлық көрген екі бала балалар үйіне өткізілген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тараз қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты қатыгездік дерегімен байланысты дау жаңа кезеңге өтті. Қоғам наразылығынан кейін арнайы мекемеге орналастырылған ананың екі баласы әзірге балалар үйінде. Ал олардың әкесі өзін таныстырып, балаларды өз қамқорлығына алуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы КТК арнасы жеткізді.

26 жастағы ер адам балалар үйіне күн сайын барып жүргенін және оларды қайтарып алу үшін соңына дейін күресуге дайын екенін айтты. Осы мақсатта ол Қордай ауданынан арнайы Таразға келген.

Әкесінің сөзінше, кіші ұлы біраз уақыт өзімен бірге тұрған. Алайда бірнеше апта бұрын анасы баланы алып кеткеннен кейін жағдай күрт өзгерген.

«Балалар – мен үшін бәрінен қымбат. Қазір АХАТ-қа да, сотқа да барамын. Әкелік құқығымды заң жүзінде рәсімдетемін. Қанша керек болса, сонша күресемін. Көп адам үлкен қыз менің балам емес деп жазып жатыр. Бірақ мен оларды бөліп-жармаймын. Екеуі де – менің балаларым, екеуін де алып кеткім келеді», – деді ол.

Әке бұрын балалардың өміріне не себепті белсенді араласпағанын нақты түсіндіре алмады. Белгілі болғандай, ерлі-зайыпты ресми некеде тұрмаған.

Журналистер мәліметінше, әлеуметтік желіде тарап кеткен шулы бейнематериалдар анасының өз айтуынша, дәл осы әкеге жолдау үшін түсірілген. Ол осылайша ер адамнан ақша алуды көздегенін айтқан.

Қалалық білім бөлімі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомство дерегінше, қыз балаға қатысты әкелік заң жүзінде расталған, ал ұл бала бойынша әкелік әлі анықталмаған.

«Әкеге сот органдарына жүгіну қажет. Ата-ана құқығын шектеу жөніндегі сот процесі аяқталғанға дейін балалар мемлекет қамқорлығында, яғни балалар үйінде болады. Қазір сот шешімі күтіліп отыр», – деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігіне қарасты білім бөлімі.

Бұған дейін Тараз тұрғынының өз баласына күш қолданғаны түсірілген бейнежазба желіде кең тараған болатын. Аталған дерек бойынша балаға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Құқық қорғау органдары барлық процессуалдық әрекеттер жүргізілетінін және заң аясында шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Қазіргі таңда ананың ата-ана құқығынан айырылуы мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Ал балаларды әкесіне беру туралы шешім де әзірге қабылданған жоқ.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді