477

Ақтөбе облысында келінін зорлаған қайын ата жазаланды

Ер адам азғындыққа барғаны үшін сотталды.

Ақтөбе облысында келінін зорлаған қайын ата жазаланды
Shutterstock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының Бесқопа ауылында 53 жастағы жергілікті тұрғын өзінің келінін зорлады деген айыппен сотталды.

Қылмыс 22 жастағы келін үйде жалғыз болған кезде орын алған. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам мас күйінде болған. Зорлыққа ұшыраған әйел дереу полицияға арыз жазған. Сот процесінде күдікті өз кінәсін мойындамаған.

Дегенмен, сот оның қылмысқа қатыстылығы толық дәлелденген деп шешті. Алға аудандық соты айыпталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Қазірге дейін сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор