СҚО-дағы мектепте 16 жастағы оқушы ауыр халде ауруханаға түсті

05.02.2026, 15:36
189
СҚО-дағы мектепте 16 жастағы оқушы ауыр халде ауруханаға түсті Depositphotos.com/ChiccoDodiFC

Қыз мектеп әжетханасында өзіне қол салмақ болған.

 SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде 16 жастағы оқушы қыздың өміріне қауіп төнген жағдай тіркелді. Жасөспірім шұғыл түрде Петропавл қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.

Ведомствоның мәліметінше, 4 ақпанда Айыртау ауданының 16 жастағы тұрғыны белгісіз сұйықтықтан улану белгілерімен ауруханаға түскені туралы хабар түскен.

«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.

Құтқару қызметінің хабарлауынша, жасөспірімге шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек қажет болған. Осыған байланысты санитарлық авиация тартылып, оқушы Петропавл қаласындағы медициналық мекемеге тікұшақпен жеткізілген.

Төтенше жағдайлар қызметінің дерегінше, тасымалдауға санитарлық авиация дәрігерлері мен облыстық балалар ауруханасының мамандары жұмылдырылған.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта оқушының жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда өткен баспасөз конференциясында мамандар жасөспірімдер арасындағы психологиялық дағдарыстың себептері мен оның алдын алу шараларын талқылаған болатын.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды