Нұрлан имам Вашингтонда Трамппен таңғы ас ішті
74-ші дәстүрлі таңғы асқа әлемдік жетекшілер жиналды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нұрлан имам АҚШ астанасы Вашингтондағы дәстүрлі 74-ші таңғы асқа қатысты. Оған әлемнің 2000-ға жуық қатысушысы жиналды, соның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп та болды.
Имам бұл кездесудің маңыздылығын атап өтіп, жастардың білімге, ғылымға, мәдениет пен рухани құндылықтарға ұмтылуының маңызды екенін айтты.
Ол әлеуметтік желілерде: «Жастарымыз білім мен ғылым, өркениет пен мәдениетке ұмтылып, имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса, алар асуы шыңдар болып, жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат» – деп жазды.
Іс-шараға түрлі елдердің жетекшілері, мәдени және рухани саланың өкілдері қатысты.
Бұл таңғы ас – халықаралық деңгейдегі бірегей кездесулердің бірі болып саналады.
Материал авторы