360

Нұрлан Сабыровқа Ресейге кіруге 50 жыл тыйым салынды

Комиктің Ресейдегі көші-қон заңын бұзуы жазаға ұласты.

Нұрлан Сабыровқа Ресейге кіруге 50 жыл тыйым салынды
30-under-30.forbes.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Комик Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жыл бойына кіруге тыйым салынды. Бұл шешім 30 қаңтардан бастап күшіне енді.

Тыйым себептері ретінде Ресейдегі арнайы әскери операцияны сынауы және көші-қон мен салық заңнамасын бұзуы көрсетілген.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қарашасында Нұрлан Сабыров Мәскеудегі Шереметьево әуежайында көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталған. Ресей заңына сәйкес, бір календарлық жылда елде 90 күннен артық болуға болмайды. Алайда комик 114 күн тұрған. Сол себепті оған 5 мың рубль (шамамен 31 850 теңге) айыппұл салынды.

Нұрлан жаңа жылды Ресейде қарсы алған, 3 қаңтарда елден шығып, кейін қайта оралған. Кейін 15 ақпанда және 23 наурыздан бастап тағы бірнеше рет келген. Шереметьево әуежайында ұсталғаннан кейін Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 18.8-бабы 3.1-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Қазіргі кезде комикке белгіленген лимит асып кеткендіктен Ресейден шығу міндеттелген.

Материал авторы