646

Ресейлік блогермен төбелескен қазақ модель қызға қатысты іс жабылды

Гүлсезім Адайбекова бостандыққа шықты.

Ресейлік блогермен төбелескен қазақ модель қызға қатысты іс жабылды
aif.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Индонезияда қазақстандық модельге қатысты қозғалған қылмыстық іс жабылды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеді.

Бұған дейін ресейлік блогер Карина Фадеева қазақстандық модель өзін соққыға жықты деп айыптаған еді. Оның айтуынша, дау бірнеше аптаға созылып, ақырында тараптар келісімге келген.

Блогер өз Telegram-арнасында істің немен аяқталғанын хабарлады. Оның сөзінше, қақтығысқа байланысты жаза өтемақы төлеу және төрт аптаға бас бостандығынан айыру түрінде белгіленген.

«Іс жабылды. Жаза – өтемақы және төрт апта түрме. Бұл жағдай адамға сабақ болады деп үміттенемін. Егер болашақта тағы заңсыз әрекет қайталанса, жаңа іс қозғалып, ол бұрынғы жағдай ескеріле отырып қаралады», – деп жазды ол.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады.

«Оқиғаға қатысқан тараптар татуласу туралы келісімге келді. Осыған байланысты Индонезия полициясы істі тоқтатты. Қазақстан азаматы бостандықта», – деп хабарлады ведомство.

Еске салсақ, қаңтар айында ресейлік блогер қазақстандық модельді ұрып-соқты деп айыптағаны жөнінде ақпарат тараған. Сол кезде Қазақстан СІМ қазақстандық азаматшаның Индонезияда ұсталғанын растаған болатын.

Материал авторы