Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен қылмыстық топ ұсталды

23.04.2023, 13:19
417
Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен қылмыстық топ ұсталды polisa.kz

Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткендер ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда күдіктілерді Жетісу облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерінің көмегімен Жаркент қаласында қолға түсірген. Күдіктілер жергілікті кәсіпкерден 15 мың қытай юанін талап еткен.

– Ұйымдасқан топ үш адамнан тұрады. Біреуі - Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы облысынан, үшіншісі - Жетісу облысының тұрғыны. Жәбірленуші оларға ақша беру кезінде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Аталған факт бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабына сәйкес «Қорқытып алу» жүргізіледі. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол