401

Қарағандыдағы бірнеше үйді тонаған ұрылар Астанада ұсталды (ВИДЕО)

Күдіктілерден алтын бұйымдар мен шамамен 400 мың теңге тәркіленді.

Қарағандыдағы бірнеше үйді тонаған ұрылар Астанада ұсталды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда жасалған бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі ер адам Астанада ұсталды.

Арнайы операцияны Қазыбек би атындағы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері «Арлан» арнайы бөлімшесінің қолдауымен жүргізген.

Полицияның мәліметінше, 6 ақпан күні Астанадағы Мәскеу көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 30 жастағы күдікті қолға түскен. Сол күні Төле би көшесінде оның 46 жастағы сыбайласы ұсталған.

Алдын ала дерек бойынша, күдіктілер ақпан айының басында Қарағанды қаласындағы Гудермецкая көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, сегіз алтын әшекейді, небәрі 150 мың теңге қолма-қол ақша мен 200 АҚШ долларын ұрлап кеткен.

Тінту және ұстау барысында күдіктілерден алтын сақиналар, шамамен 400 мың теңге көлеміндегі ақша, әртүрлі маркалы ұялы телефондар, сондай-ақ жиналмалы пышақтар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың Қарағанды аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Материал авторы