Қазақстанның арнайы жасағы Дубайдағы турнирде алғашқы күннен-ақ көш бастады (ВИДЕО)

08.02.2026, 12:30
178
Қазақстанның арнайы жасағы Дубайдағы турнирде алғашқы күннен-ақ көш бастады (ВИДЕО) UAE SWAT Challenge

Дубайда UAE SWAT Challenge халықаралық сайысы өтіп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері Дубайда өтіп жатқан UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің алғашқы күнін сенімді әрі әсерлі нәтижемен аяқтады.

Сайысқа әлемнің 48 елінен келген күштік құрылымдардың 109 командасы қатысып отыр. Соның ішінде Қазақстан атынан сынға түскен төрт команда да турнир кестесіндегі алғашқы ондыққа енді.

Жарыс қорытындысы бойынша «Kazakhstan C» командасы көш бастады. Екінші орынға «Kazakhstan D» жайғасты. «Kazakhstan B» құрамасы төртінші нәтиже көрсетсе, «Kazakhstan A» командасы алғашқы ондықты түйіндеп, 10-орынға тұрақтады.

Ел намысын қорғаған әйелдер құрамасы — «Tomiris» жалпы есепте 20-орында. Дегенмен, ол әйелдер командалары арасында көш бастап тұр.

Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, барлық командалар бірыңғай мемлекеттік тудың астында өнер көрсетіп жатыр. Құрамға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігінің арнайы бөлімшелерінде қызмет ететін үздік мамандар енген.

Турнир бес жарыс күнінен тұрады және 11 ақпанда мәресіне жетеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды