Ақтауда 11 айлық сәбидің өкпесінен темір бөлшек алынды (ВИДЕО)
Балаға бірнеше ай астма деп ем жүргізілген
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда дәрігерлер 11 айлық сәбидің өкпесінен металл затты алып шықты. Бірнеше ай бойы балаға «бронхиалдық астма» диагнозы қойылып, сол бойынша ем жүргізілген.
Дәрігер Айгерім Бекмұханбетованың айтуынша, сәби жөтелге шағымданып, балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген. Бұған дейін ол небәрі төрт ай бойы дәрігерлердің бақылауында болып, «бронхиалдық астма» диагнозымен есепте тұрған.
Жағдайы күрт нашарлап, тынысы қатты қысқарғаннан кейін бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған. Қабылдау бөлімінде жасалған рентген тексеру барысында өкпеден бөгде зат анықталған.
Эндоскопиялық тексеру кезінде дәрігерлер баланың тыныс жолдарынан екі бөгде затты тапқан: бірі – металл бөлшек, екіншісі – күнбағыс дәнінің қабығы.
Мамандардың айтуынша, өкпеде жатқан металл ұзақ уақыт бойы астма белгілерін «жасырып», баланың жағдайы басқа ауру ретінде қабылданған. Яғни сәби бірнеше ай бойы өкпесінде темір затпен өмір сүріп келген.
Дәрігердің сөзінше, егер тыныс жолына дән қабығы түспегенде, бөгде зат анықталмай, балаға астмаға қарсы ем жалғаса беруі мүмкін еді.
Бөгде заттар алынғаннан кейін баланың жөтелі толық тоқтаған.
Материал авторы