328

Шавкат Рахмоновты UFC рейтингінен алып тастады

Рахмонов пен Нурмагомедов арасындағы ұқсастық айтылды.

Шавкат Рахмоновты UFC рейтингінен алып тастады
instagram.com/mma_f1ghters_kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, UFC рейтингінен Шавкат Рахмоновтың шығарылуы Хабиб Нурмагомедовпен болған жағдаймен салыстырылды.

MMA әлеміндегі танымал инсайдер, Eurosport Nederland журналисі әрі Tapology.com сайтының редакторы Марсель Дорфф Sports.kz-ке берген пікірінде Шавкат Рахмоновтың рейтингтен алынуына қатысты көзқарасын айтты.

Сарапшының сөзінше, мұндай жағдай бұған дейін Хабиб Нурмагомедовтың да басынан өткен.

«Хабиб Нурмагомедов те бір кезеңде рейтингтен шығарылған. Бірақ жарақатынан айығып, спортқа қайта оралған соң бұрынғы орнына қайтып келді», – деді Марсель Дорфф.

Оның айтуынша, ұзақ үзіліс пен операциядан кейінгі қалпына келу кезеңі рейтингтік тізімге тікелей әсер етеді. Алайда бұл спортшының мансабына нүкте қойылды дегенді білдірмейді.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсан айында өткізді. Сол кездесуде ол ирландиялық Иэн Гарриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген.

Материал авторы