Қазақстандық қыз тиктокта қаралым жинау үшін «жалған алып қашу» ұйымдастырған
Қыз өзін зорлықпен алып қашқанын әдейі түсірген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы Қарасай аудандық әкімшілік сотында TikTok-та жалған «ажырасу және зорлықпен үйлендіру» видеосын жариялаған азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот анықтағандай, 2026 жылғы 15 қаңтарда сағат 20:00 шамасында азамат К. TikTok әлеуметтік желісінде өзін «қалтаға түсірілген» кейіпте көрсететін видеоны жариялаған. Бұл видеоролик қоғамда резонанс туғызды, алайда тексеру барысында көрсетілген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды.
Сот отырысында азамат К. өзінің кінәсін толық мойындап, видеоны тек қаралым жинау мен танымал болу мақсатында жариялағанын және жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.
Материалдарды зерттеген сот әрекеттерінде қылмыстық құрам белгілері болмағанын, бірақ әкімшілік құқық бұзушылыққа жататынын анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК 456-2-бабының 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды.
Бастапқыда 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалған. Алайда азамат К. әкімшілік жауапкершілікке алғаш тартылып, өкінгендіктен, айыппұл 30%-ға азайтылып, соңғы төленетін сома 60 550 теңге болып белгіленді.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Материал авторы