Мәһрге көлік сұраған қалыңдықты күйеу жігіт тастап кетті (ВИДЕО)
Мешіттегі неке рәсімінде күтпеген жағдай болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда әлеуметтік желіде қалыңдық мәһрге көлік сұрағаны үшін некеден бас тартқан жігіттің видеосы қызу талқыға түсті.
Кадрларда имам жас жұбайларға мәһрдің мәнін түсіндіріп, шариғат бойынша ең төменгі мөлшерін атап өтеді: 4,25 грамм алтын, шамамен 150 мың теңге. Сол сәтте қалыңдық өз талабын айтады:
«Маған мәһрге Changan көлігі керек», – дейді ол.
Болашақ күйеу алғашында таңданып, қалыңдыққа қарай қарайды. Имам «Өзара келісіп отырсыздар ма? Алып бере аласыз ба?» деп сұрайды, бірақ қалыңдық өз талабын қайталайды. Сол кезде жігіт орнынан тұрып:
«Некені қимай-ақ қояйық», – деп кетіп қалады. Қонақтар да, қалыңдық та болған жағдайға есеңгіреп қалған.
Видеоны көрген желі қолданушылары екіге бөлінді. Бір топ мәһр – әйелдің құқығы екенін, сондықтан қандай талап қойса да қалыңдық өз шешімін білдіруіне болады деп жазды:
«Мәһр алып бере алмасаңдар, несіне үйленесіңдер?!», «Исламда мәһр – ер адамның міндеті, әйел мен балаларды қорғау үшін беріледі».
Екінші топ болса, қалыңдықтың талаптары тым артық және некені басталмай бұзды деп есептеді:
«Дұрыс жасадың, дүние қуған қыз әйел болмайды», «Мына еркек нағыз еркек, адал әрі салмақты шешім қабылдады».
Материал авторы