SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысына Оқу-ағарту министрлігінің комиссиясы Құлсары қаласындағы мектепте болған инцидентті тексеруге барады. №6 мектептің оқушысы қатарластарын балтамен қуған видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қоғамда дүрбелең тудырды.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, оқиғаның себебі – буллинг (оқушылар арасындағы қысым).
Қызметтік тексеріс нәтижесінде А.С. Пушкин атындағы мектептің директоры қызметінен босатылды. Комиссия барлық өңір мектептерінде кемсіту жағдайларын анықтау, алдын алу шараларын қарастырып, қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға береді.
Видеодан көрініп тұрғандай, балта ұстаған оқушы сыныптағы басқа бір оқушыны қуып, оны сыныпқа тығуға мәжбүр етеді. Қуғындалған бала кейін сөмкесіне балтаны салып, мектептен кетіп қалған. Желіде бұл оқушының 10-сыныпта оқитыны айтылғанымен, ресми растамасы жоқ. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жария етілген жоқ.
RUS