Тиктокта терроризмді насихаттаған Абай облысының тұрғыны 7 жылға сотталды
Ер адам экстремистік контентті таратқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысында TikTok әлеуметтік желісі арқылы терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды.
Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы 2024 жылғы шілде мен 2025 жылғы сәуір аралығында TikTok желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы, сондай-ақ жеке әңгімелер барысында террорлық сипаттағы материалдарды таратқан.
Таратылған контентте күш қолдану идеологиясы мен террористік әрекеттерді ақтау белгілері болғаны анықталған.
Сот Қазақстан аумағында «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қызметі заңмен тыйым салынғанын және террористік ұйым деп танылғанын еске салды.
Сот үкімімен ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Материал авторы