«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары стипендиялық бағдарламаға қатысу үшін уәкілетті органға күнтізбелік жылдың 1 ақпанына дейін өтініштер жібереді. Өтініш ЖЖОКБҰ шетелдік студенттерді, соның ішінде ағылшын тілінде қабылдауды жоспарлап отырған білім беру бағдарламаларын көрсетеді. Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 15 наурызынан 31 мамырына дейін жүргізіледі», - министр бұйрығының жобасында.
Айта кетсек, қазіргі талапқа сай, құжаттар 30 наурыз бен 30 маусым аралығында қабылданады.
«Үміткерлерді іріктеу рәсімін 30 шілдеге дейін өткізу мақсатында құжаттарды қабылдау мерзімдеріне өзгерістер енгізілді. Бұл жағдайда университеттерге оқу жылы басталғанға дейін стипендиаттардың визалық құжаттарын өңдеуге және дайындауға уақыт беріледі», - деп түсіндірме берілген бұйрыққа.
Құжат 4 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.