514

Атырауда браконьерлер Жайық үстіне әдейі шегелер қаққан (ВИДЕО)

Ер тұзақтың кесірінен көлігінің дөңгелегі жарылғанын айтты.

Атырауда браконьерлер Жайық үстіне әдейі шегелер қаққан (ВИДЕО)
tiktok.com/@nurtaza555

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласында браконьерлер Жайық өзенінің үстіне қауіпті тұзақтар орнатып кеткені анықталды.

Дамба мен Пешной аралының арасындағы аумақта жүргізушілер мен балықшылар мұздың жарықтарына әдейі қағылған темір шегелерді байқап қалған. Кейбір шегелер көліктердің дөңгелектерін тесіп өткен.

Бейнежазбалардан металл заттардың өзен бойына кездейсоқ емес, нақты жоспармен, арна бойын көлденең кесіп өтетіндей етіп қағылғаны көрінеді.

Балық инспекциясының өкілі Олег Тушкановтың айтуынша, мұндай қауіпті тұзақтарды браконьерлер қалдырады. Оның сөзінше, заңсыз балық аулаумен айналысатын адамдар бұл аумақты жақсы біледі және өздері ғана жүре алатын қауіпсіз бағыттарды алдын ала анықтап алған.

Мамандардың мәліметінше, мұндай әрекеттер салдарынан тек инспекторлардың ғана емес, қыс мезгілінде мұз үстіне шығатын қарапайым қала тұрғындарының да өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төнеді.

Құзырлы органдар тұрғындарды Жайық өзенінің мұзына шыққанда барынша сақ болуға шақырып отыр.

Материал авторы