Боранбаев Сәтпаевтың «Челсиде» көшбасшылар қатарына қосылатынына сенімді
Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол соғып, тарихқа енген еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қайрат» футбол клубының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың болашағына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында жарқырай көрінген футболшы алдағы жылдары да өз шеберлігін жоғалтпай, жоғары деңгейде өнер көрсетеді.
«Дастан өткен маусымда қандай деңгейде ойнай алатынын дәлелдеді. Ол алдағы уақытта да шеберлігін одан әрі көрсететініне сенімдімін. Біз Дастан «Челси» клубының негізгі ойыншыларының біріне айналады деп есептейміз», – деді Қайрат Боранбаев.
Бұған дейін Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соғып, қазақстандық футбол тарихына есімін жазған болатын.
Келісімшарт талаптарына сәйкес, футболшы 2026 жылдың жазында Лондонға қоныс аударып, Англияның «Челси» клубының ойыншысы атанады.
Материал авторы