336

Биыл кейбір аймақтарда су тасқыны мен құрғақшылық болады – Тоқаев

Үкіметке табиғи апаттарға қарсы алдын ала жоспарлау тапсырылды.

Биыл кейбір аймақтарда су тасқыны мен құрғақшылық болады – Тоқаев
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қорытындыларды жасап, алдағы кезеңге арналған міндеттерді талқылады.

Тоқаевтың айтуынша, биыл кейбір аймақтарда алдымен су тасқыны, содан кейін құрғақшылық болады. Осыған байланысты Үкіметке нақты іс-қимыл жоспарын алдын ала әзірлеу міндеттелді.

Мемлекет басшысы табиғи апаттарды болжауда цифрлық технологияларды тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті:

«Барлық технология бізде бар. Мәселе оны қаншалықты жауапты әрі жүйелі қолданатынымызда. Егіс алқаптары мен инфрақұрылымды қорғауға қажетті шараларды алдын ала қабылдау керек», – деді Тоқаев.

Осы орайда, қиындық туындаған соң ғана әрекет етудің орнына, алдын алу шараларын жүйелі ұйымдастыруға шақырылды. Көктемнің басталуы су тасқынына қарсы алдын алу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын талап етеді.

Материал авторы