SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Койгелдиев ресми түрде Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғанын, бұл істі Қауіпсіздік комитеті қарайтынын мәлімдеді.
«Шетелдік органдардың шешімін біз түсіндіре алмаймыз. Барлығы зерттеуді, тексеруді талап етеді. БАҚ-та 170-бап туралы айтылған. Бұл іс Қауіпсіздік комитетінің құзыретіне жатады», – деді Койгелдиев Мәжілісте өткен брифингте.
Еске салсақ, бұған дейін белгілі болғандай, Нұрлан Сабыровқа Ресейге кіруге 50 жылдық тыйым салынды. БАҚ деректеріне қарағанда, комик Мәскеудегі Внуково әуежайында миграциялық және салық заңнамасын бұзғаны үшін тоқтатылған. Кейін ол Алматыға ұшуды таңдаған және Қазақстанға келгеннен кейін пікір білдірген.
RUS