364

«Ұстап алып, ұрып-соқты»: Өскеменде белгісіз адам көшедегі адамдарға шабуыл жасаған

Психдиспансерде есепте тұрған жасөспірім қала тұрғындарын ұрып кетті.

«Ұстап алып, ұрып-соқты»: Өскеменде белгісіз адам көшедегі адамдарға шабуыл жасаған
instagram.com/pod_nebom_vko

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскемен қаласында белгісіз адам жұртқа көшеде шабуыл жасап, бірнеше адам зардап шекті. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті анықталып, жауапқа тартылды.

Оқиға КШТ шағын ауданында болды. Бір зардап шеккен әйел Қазыбек би даңғылы, 34 мекенжайында белгісіз адамның оған шабуыл жасағанын айтты.

«Бүгін жұмысыма бара жатып, 17–18 жастағы жасөспірім мені артынан қуып жетіп, басыма соққы жасады да, қашып кетті. Ескерту: абай болыңыздар», – деді әйел.

Полиция хабарлағандай, күдікті мүгедек болып есепте тұрған және психоневрологиялық диспансерге жатқызылған.

Материал авторы