Kazakhstan — UAE SWAT CHALLENGE-2026 жеңімпазы атанды

12.02.2026, 09:05
223
Kazakhstan — UAE SWAT CHALLENGE-2026 жеңімпазы атанды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Дубайда әлемнің үздік арнайы бөлімшелерін біріктірген UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі аяқталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бес бәсекелі күн ішінде әлемнің 48 елінен 109 команда іс-әрекеттің шеберлігін, жылдамдығын, тактикалық ойлауын және үйлесімділігін барынша көрсетті.

Қазақстан құрамасына еліміздің күш құрылымдарынан құралған "Kazakhstan А", "Kazakhstan B", "Kazakhstan C", "Kazakhstan D" командалары және "Kazakhstan Tomiris" әйелдер командасы қатысты.

Айта кетейік, Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрінің орынбасарыҰлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков Дубайда болып, әскери қызметшілерге қолдау көрсетіп, өз тәжірибесі мен тағылымын бөлісті.

Жарыстың бесінші күнінде қатысушылар ең серпінді кезеңдердің біріObstacle Course (кедергілер жолағын) бағындырды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша "Kazakhstan B" командасы І орын иеленді, ал "Kazakhstan A" бесінші орынға жайғасып, үздік бестікке кірді.

Турнирдің басты жаңалығы "Kazakhstan С" командасының тамаша жеңісі болды, ол барлық жарыс күндерінің қорытындысында UAE SWAT CHALLENGE-2026 турнирінің жеңімпазы атанды.

Жалпы рейтингте екінші орынды "Kazakhstan А" командасы жеңіпалды.

Сонымен қатар қорытынды кестеде қазақстандық командалар арасында позициялар келесідей бөлінді:

• "Kazakhstan B" - 8 орын;

• "Kazakhstan Tomiris" - 18 орын;

• "Kazakhstan D" - 20 орын.

Қазақстандық командалардың жеңісі мен жүлделі орындарыотандық арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жоғары жауынгерлік дағдыларының, дене дайындығы мен кәсібилігінің көрсеткіші. UAE SWAT CHALLENGE-2026-да сәтті өнер көрсету Қазақстанның халықаралық беделін нығайтты және біздің жауынгерлеріміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды