366

Қайрат Нұртастың қызы Алау анасына алғыс айтты

Өнерді жұптың балалары сахнаға жақындай түсті.

Қайрат Нұртастың қызы Алау анасына алғыс айтты
instagram.com/kaalau__

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал өнер иелері Қайрат Нұртастың және Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау әлеуметтік желідегі парақшасында анасына алғыс білдірді.

Жасөспірім анасы Жұлдыз Әбдікәрімовамен түскен ортақ суреттерін жариялап, жазбасына:
«Анашым, сізге үлкен рақмет» деп қысқа ғана пікір қалдырған.

Жұлдыз Әбдікәрімова да қызының жазбасына жауап беріп, оған сәттілік тілеген.

«Жұлдызың әрдайым жарқырап тұрсын. Бағың ашық болсын, ақылдым», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары анасы мен қызының ұқсастығына бірден назар аударды. Пікірлерде олардың келбеті ғана емес, мінезі мен сахналық тартымдылығы да бір-біріне жақын екені жиі айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін Алау ірі киножобаға түсуге шақырту алғаны хабарланған болатын. Кезінде сахна мен киноға жол ашқан ата-анасының ізін енді қызы жалғап келе жатқандай.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор