223

Ресей соты Юрий Дудьке берілген жазаны күшейтті

Сырттай сотталған журналистке интернет-ресурстарды басқаруға тыйым салынды.

Ресей соты Юрий Дудьке берілген жазаны күшейтті
«вДудь» YouTube-арнасынан алынған скрин

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейде бұған дейін сырттай сотталған танымал журналист Юрий Дудьке қатысты жаза күшейтілді.

Сот шетелдік агент туралы заң талаптарын орындаудан жалтару ісі бойынша шығарылған бұрынғы үкімді қайта қарап, қосымша шектеу енгізді. Атап айтқанда, енді Юрий Дудьке электронды және ақпараттық-телекоммуникациялық желілердегі, соның ішінде интернеттегі сайттарды әкімшілендірумен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Прокуратура бұрынғы үкімге апелляциялық шағым түсіріп, жазаны қатаңдатуды талап еткен. Сот осы өтінішті қанағаттандырған.

Прокуратураның хабарлауынша, «апелляциялық тәртіппен шетелдік агент Юрий Дудьке қатысты үкім күшейтіліп, оған сайттарды және ақпараттық-телекоммуникациялық желілер ресурстарын әкімшілендіруге байланысты қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды».

Еске салайық, 2025 жылғы қарашада Юрий Дудь шетелдік агент міндеттерін орындаудан жалтарды деген айыппен сырттай бір жыл 10 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Кейінірек журналист өз видеоларының бірінде ұсталып қалу қаупіне байланысты Қазақстанға баруды тоқтатқанын мәлімдеген.

Материал авторы