290

Ресейлік актерге халықаралық іздеуге жарияланды

Өнер иесіне Ресей армиясы туралы жалған ақпарат таратты деген айып тағылды.

Ресейлік актерге халықаралық іздеуге жарияланды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейде актер Артур Смольяниновқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, ол халықаралық іздеуге берілді.

Ресей Тергеу комитетінің хабарлауынша, актерге Ресей армиясының әрекеттері туралы жалған ақпарат таратты деген айып тағылған. Ведомство мәліметінше, Смольянинов шетелде жүріп, онлайн-басылымға берген сұхбатында ресейлік әскери қызметшілердің іс-қимылына қатысты шындыққа жанаспайтын мәліметтер айтқан.

«Актер Артур Смольяниновтың жария мәлімдемелеріне қылмыстық-құқықтық баға берілді. Ол шетелден тұрып, онлайн-басылымға берген сұхбатында ресейлік әскери қызметшілердің әрекеттері туралы әдейі жалған деректер таратқан», – деп мәлімдеді Ресейдің Тергеу комитеті.

Тергеу органдары актерге сырттай айып тағып, халықаралық іздеу жариялаған. Сондай-ақ оның мүлкіне тыйым салынған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор