229

Алматыда 270 адамды алдаған алаяқ ұсталды

Өмірді сақтандыру арқылы 620 млн теңге ұрлаған алаяқ қолға түсті.

Алматыда 270 адамды алдаған алаяқ ұсталды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті заңсыз инвестициялық қызметпен айналысқан күдіктіні тергеп жатыр. 2013–2021 жылдары «Partners & Consultants» компаниясы арқылы өмірді сақтандыру және жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларына инвестиция салу сылтауымен азаматтардың ақшасын иемденген.

Күдікті өзіне бағынысты заңды тұлғалардың — «Evroasia Global Investment» АҚ және «Evropa Investment» ЖШС есепшоттарына ақша аударуға үгіттеген және жылына 12%-ға дейін тұрақты табысқа кепілдік берген. Алаяқ жобаның сенімділігін арттыру үшін шын мәнінде жоқ халықаралық сақтандыру бағдарламалары мен сертификаттарға сілтеме жасаған.

Азаматтардан алынған қаражат қолма-қолсыз аударымдар арқылы қабылданып, салымшыларға жалған құжаттар арқылы ұзақ мерзімді депозиттер мен инвестициялық міндеттемелер бар деген әсер берілген. Нәтижесінде 270 жәбірленушіге 620 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Алынған қаражат күдікті тарапынан жылжымайтын және жылжымалы мүлікке жұмсалған, бұл мүліктерге қазіргі уақытта шектеу қойылған. Күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мәліметтері жарияланбайды.

Материал авторы