621

Майқайыңда екі жыл бұрын қайтыс болған екі адамның мәйіті үйден табылды

Майқайыңда екі адамның өлімі тергеліп жатыр.

Майқайыңда екі жыл бұрын қайтыс болған екі адамның мәйіті үйден табылды
vse42.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысына қарасты Майқайың ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұмдар ұзақ уақыт бойы жатқан.

Оқиға туралы ақпарат Telegram желісіндегі Kerek.pv арнасында жарияланды. Хабарламада тұрғын үйлерде белгілі бір топ өкілдері тұрғаны айтылып, табылған мәйіттердің бірінің шамамен екі жыл бұрын, екіншісінің өткен жылдың қыркүйек айында көз жұмғаны болжанатыны көрсетілген.

Павлодар облыстық полиция департаменті деректі растады. Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Мәйіттердің нақты өлім себептері мен жағдайлары сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Материал авторы