Биылғы Dala.Camp форумына 11 елден 250 делегат қатысып жатыр
Ақмола облысында мал өсірушілердің халықаралық форумы ресми түрде ашылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Rixos Burabay-да 11 елден келген 250 делегаттың басын қосқан Dala.Camp Forum 2026 халықаралық мал өсірушілер форумы басталды. Форум жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, АҚШ, Бразилия, Нидерланды, Франция, БАӘ және Түркия өкілдері қатысып жатыр.
Форумды ұйымдастырушы Turan Қазақстандық мал өсірушілер қауымдастығының Басқарма Төрағасы Жәнібек Кенжебаев ашты.
Өз сөзінде ол басты нәрсені – Қазақстанның етті мал шаруашылығы салаға шашыраңқы күш- жігер емес, дамудың бірыңғай логикасы: басқарушылық тәртіп, экономика, ашық ережелер және фермадан экспортқа дейінгі тізбектің барлық буындарының бірлескен жұмысы қажет болатын кезеңге өтіп жатқанын айтып өтті.

Бүгін біз үшін өте маңызды күн, тіпті біздің саламыз үшін өте тарихи күні жиналып отырмыз деп айтуға болады. Бүгінгі күн бұл – Қазақстанның мал шаруашылығы біртіндеп ұзақ мерзімді нәтижеге бағдарланған, неғұрлым жүйелі және жетілген жаңа деңгейге көтерілетін сәт, - деп атап өтті Ж.Кенжебаев.
Спикер атап өткендей, мал шаруашылығы — бұл дәстүрлі сала ғана емес, елдің азық-түлік қауіпсіздігімен, өңірлердің дамуымен және экспорттық әлеуетімен тікелей байланысты экономика секторы.
Жәнібек Кенжебаев өз сөзінде саланың дамуы мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешенге деген зейінінің күшеюі аясында жүріп жатқанын атап өтті.
«Бүгінде мемлекеттік деңгейде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға баса назар аударылуда. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау жүйесінде тәртіп орнату, кооперацияны күшейту, ауыл шаруашылығындағы ашықтық пен тиімділікті арттыру қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Біз бұл бағытты толығымен қолдаймыз. Себебі жүйелілік болмаса, ойын ережелері анық болмаса және күш біріктірілмесе, сала өзінің әлеуетін толық көлемде аша алмайды».
Turan қауымдастығының басшысының айтуынша, Dala.Camp форумы саланы дамыту туралы кәсіби әңгімеге арналған жұмыс алаңы ретінде пайда болды. Идея қарапайым еді: ет индустриясының нақты мәселелерін тыныш және іс жүзінде талқылауға болатын кеңістік құру.

Форум аясында қатысушылар етті мал шаруашылығын дамытудың қолданбалы мәселелеріне назар аударады. Экономиканың қаржылық моделін құру, шығындарды басқару, қаржыландыруды тарту, экспорттық талаптарға сай болу және технология арқылы тиімділікті арттыру туралы талқыланады.
Қазақстанның өңірлік және әлемдік нарықтар үшін сапалы, премиум сиыр етін өндіруші ретіндегі ұстанымына, сондай-ақ ветеринариялық салауаттылық пен халықаралық стандарттарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
Жәнібек Кенжебаев атап өткендей, форумның негізгі қағидасы — практикалық бағыт: ертең қолдануға болатын нақты шешімдерді талқылау.
«Бүгін бұл залда күн сайын саланың игілігі үшін жұмыс істейтін адамдар жиналды: фермерлер, өңдеушілер, бордақылау алаңдары, инвесторлар, экспорттаушылар, қаржы институттары, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері. Қатысушылар бір-бірін естіп, бір бағытта жұмыс істейтін, бір-біріне сене алатын жерде күшті нарық пайда болатынына сенімдімін.
«Бірлік бар жерде, тірлік бар» деп бекер айтылмаған. Бірлік пен өзара түсіністік бар жерде тұрақты даму да бар».
Сөз соңында ол форум қатысушылары мен серіктестеріне Dala.Camp алаңына сенім білдіріп, бастаманы белсенді қолдағаны үшін алғысын білдірді және форумның бірлескен ортақ күш-жігердің арқасында ғана жүзеге асқанын атап өтті.

Айта кетейік, форум бағдарламасында екі панельдік сессия болады.
Бірінші сессия — «Қазақстан жаһандық ет нарығында өз орнын қалай алуына болады» - экспортты мемлекеттік қолдау шаралары, жаңа нарықтардың әлеуеті, ДЖДҰ халықаралық ветеринариялық стандарттарына, экспорттық мал шаруашылығына инвестицияларға, Парсы шығанағы елдерінің талаптарына, банктердің бастамаларына және фермердің экспорттық модельдегі рөліне арналады.
Екінші сессияда — «Мал шаруашылығындағы қосылған құн тізбегі» — қатысушылар генетика, биоқауіпсіздік, тік интеграция, өндірістік цикл, кооперация және ғылым мен білімнің саланы дамытудағы рөлі мәселелерін талқылайды.
Бұдан кейін мал шаруашылығы саласындағы Livestock Pitch — питчинг жобалары өтеді. Бірінші күннің соңында ресми құжаттарға, келісімдер мен меморандумдарға салтанатты түрде қол қою жоспарланған.
Форумның екінші күні малшылар үшін бизнес-тренинг өткізу жоспарланған.
Форум аясында сонымен қатар Қауымдастықтың пилоттық жобасы Turan Standard Pool — тірі мал нарығын шоғырландыруға арналған платформа таныстырылады.

Айта кетейік, Turan қауымдастығы 2025 жылдың тамыз айында құрылды және жиынтығында 115 мыңбасқа арналған бордақылау қуаттылығы, қуаттылығы 30 мың басқа арналған репродукторлары және жылына 72 мың тоннаға дейін ет өңдеуі бар нарықтың 200-ден астам қатысушысын біріктіреді.
Қауымдастық саланың өсуінің негізгі драйвері ретінде экспортқа бәс тігуде.
Қауымдастықтың экожүйесіне Zengi Group холдингі, Zengi Farms басқарушылық және консалтингтік бағыты, Арқалықтағы «20+1» масштабтаудың инвестициялық моделі, Ondala қазақстандық ет бренді, Dala.Camp Education білім беру бағыты, Dala.Camp Conference кәсіби диалог платформасы, Dala.Camp Media медиа платформасы және фермаларды ашық бақылауға арналған цифрлық ERP жүйесі кіреді.
Қауымдастықтың негізгі жобаларының бірі – бірыңғай өндіріс стандарттарын, ашық баға жүйесін және өңдеушілерге кепілдендірілген жеткізу пулдарын қалыптастыруды көздейтін Turan Standard Pool тірі мал нарығын шоғырландыру платформасы.
Фермер үшін модель стандарттар сақталған кезде нарыққа қол жеткізуді, тұрақты сатуды және 10-15%-ғадейін баға сыйлықақысын; қайта өңдеушілер үшін – кепілдендірілген шикізат, сапаға бірыңғай талаптар және баға құбылмалылығының төмендеуін ұсынады.
Материал авторы