«Тәуекелді де сеніп тапсырдым»: Шайдоровтың бапкері Олимпиададағы жеңіс туралы пікірі білдірді
Қазақстанның екінші Олимпиада чемпионы қандай тәуекелге барғаны белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров үшін тарихи аяқталған 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары қорытындысы бойынша оның жеке бапкері — ресейлік маман Алексей Урманов спортшының жеңісі туралы пікір білдірді.
21 жастағы Шайдоров ерлер арасындағы жеке сырғанауда алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиада ойындарының небәрі екінші чемпионы атанды.
Алексей Урманов шәкіртіне толық сенім артатынын ашық айтты.
«Қазір Михаил үшін шын мәнінде қатты мақтанамын. Ол — нағыз еркек. Ең бастысы — мен оған сендім. Тіпті тәуекелге баруға да қорықпаймын. Еркін бағдарламадағы бүгінгі төрт айналымды флип — әлі толық дайын емес элемент еді, біз оны өте аз жаттықтырдық. Мен соған қатты алаңдадым. Басқа спортшы болса, мұндай секіруге мүлде жібермес едім. Ал Михаилға сендім», — деді бапкер.
Урмановтың айтуынша, маусым басталған сәттен-ақ басты мақсат Олимпиада болған. Жаттықтырушы мен спортшы қысқа бағдарламаны қайта өзгертіп, еркін бағдарламада техникалық элементтердің жиынтығы мен орындалу ретін бірнеше рет жаңартқан. Мақсат — ең тиімді әрі қауіпсіз нұсқаны табу.
Бапкер бір жаттығуды ерекше еске алды.
«Қыста ол сондай керемет жаттығу өткізді. Көрсең, таңғаласың. Сол кезде оған «Тек осы жаттығудан кейін бірден Олимпиада чемпионы болып кетпеші», деп әзілдеп айтқанмын. Ал жеңісті прокаттан соң құлағына сыбырлап: «Есіңде ме, мен саған не деген едім?» дедім», — деп бөлісті Урманов.
Олимпиададағы тарихи жеңістен кейін Михаил Шайдоров II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сонымен қатар спортшыға қомақты ақшалай сыйақы тағайындалады.
Материал авторы