«Жамбасын сындырып алды»: Алматы тауларында 67 жастағы турист тікұшақпен құтқарылды (ВИДЕО)

14.02.2026, 16:26
206
«Жамбасын сындырып алды»: Алматы тауларында 67 жастағы турист тікұшақпен құтқарылды (ВИДЕО) ТЖМ

Егде жастағы турист әйелді құтқарушылар аман алып қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы тауларында 67 жастағы турист әйел құлап, ауыр жарақат алып, шұғыл түрде құтқарылды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 112 пультіне хабарлама Бутаков шатқалы аумағынан түскен. Оқиға теңіз деңгейінен 2 мың метрден жоғары биіктікте болған.

Алдын ала дерек бойынша, 1959 жылы туған әйел жорық кезінде құлап, жамбас тұсынан ауыр жарақат алған. Ол өздігінен қозғала алмаған.

Дабыл түскен бойда оқиға орнына Құтқару қызметінің мамандары, Алматы қаласының ТЖ департаментіне қарасты құтқару бөлімшелері және апат медицинасы орталығының дәрігерлері жіберілген.

Жоғары өтімді арнайы техниканың көмегімен құтқарушылар зардап шеккен адамға небәрі 30 минуттың ішінде жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Кейін әйел таулы бедерден қауіпсіз түсіріліп, ауруханаға жеткізілді. Онымен бірге жүрген қызы да авариялық-құтқару көлігімен эвакуацияланды.

Оқиға Алматы таулы аймағында тіркелді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды