308

CNN: Шайдоров сауда орталығында сырғанап үйренген

Шетелдік БАҚ Михаил Шайдоров пен Денис Теннің ұқсастығын атап айтты.

CNN: Шайдоров сауда орталығында сырғанап үйренген
Maja Hitij/Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, CNN қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жайлы әсерлі материал жариялады. Телеарна оның үлкен жеңісінің артында өте қарапайым бастау тұрғанын атап өтті.

CNN жазуынша, Шайдоров алғаш рет мұзға кәсіби аренада емес, сауда орталығындағы шағын мұз айдынында тұрған. Кейін дәл сол қарапайым алаңнан шыққан спортшы Қазақстанға тарихи алтын алып келді.

Материалда бұл жеңістің ел үшін маңызы ерекше екені айтылады. Себебі Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау қауымдастығы бірнеше жыл бұрын аты аңызға айналған спортшы Денис Тен қаза тапқаннан кейін ауыр соққы алған.

CNN тілшісі Холли Ян Шайдоровтың табысы сол ауыр кезеңнен кейінгі үміттің қайта жануы екенін жазады.

Материалда Шайдоровтың өзі Денис Тенді бала күнінен үлгі тұтқанын, ал оның Қазақстанда жас спортшыларға жол ашқан тұлға болғанын атап өткені келтіріледі. Автордың дерегінше, Қазақстанда мәнерлеп сырғанауға арналған инфрақұрылым шектеулі болғанымен, Теннің жетістігі көптеген жас спортшыға серпін берген.

Ең символды жайт – Михаил Шайдоров пен Денис Теннің мұздағы алғашқы қадамдары бір жерде басталған. Екеуі де сауда орталығының ішіндегі шағын мұз айдынында сырғанауды үйренген.

CNN бұл оқиғаны «Қазақстан үшін үлкен жеңіс қана емес, бүтін бір спорт қауымдастығының қайта бой тіктеуі» деп бағалайды.

Материал авторы