Ел аумағында тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі

16.02.2026, 09:05
152
Ел аумағында тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі shaunl/Getty Images

16 ақпанда бірнеше облыста ауа райы күрт нашарлайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 16 ақпанда ел аумағында ауа райына байланысты бірден бірнеше өңірде дауылды ескертулер жарияланды. Негізгі қауіп — қар көшкіні, су тасқыны, көктайғақ, бұрқасын мен қатты жел.

Ең қауіпті жағдай таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тіркеліп отыр.

Алматы өңіріндегі тауларда қар көшкіні қаупі бар
Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағындағы Үлкен және Кіші Алматы өзен алаптарында қар жамылғысы тұрақсыз. 16–19 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Құтқару қызметі қарлы беткейлерге шықпауға шақырады.

Жамбыл облысында су тасқыны қаупі сақталады
Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында ауа температурасының көтерілуі мен жауын-шашынға байланысты беткейлік ағын күшейіп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Жайылма аумақтарда су басу қаупі бар.

16 ақпанда келесі өңірлерде қолайсыз метеожағдай болжанып отыр:

– Жетісу облысы – тұман, Алакөл маңында желдің екпіні 28 м/с-қа дейін
– Түркістан облысы – жаңбыр, тауда қатты жаңбыр, найзағай, жел
– Солтүстік Қазақстан облысы – қар, бұрқасын, көктайғақ
– Ақмола облысы – жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ
– Қостанай облысы – қатты қар, бұрқасын, көктайғақ
– Қызылорда облысы – тұман, көктайғақ
– Атырау облысы – тұман, көктайғақ, жел
– Ұлытау облысы – жаңбыр, қар, көктайғақ
– Маңғыстау облысы – тұман, көктайғақ, қатты жел
– Қарағанды облысы – жауын-шашын, тұман, көктайғақ
– Абай облысы – тұман, желдің күшеюі
– Шығыс Қазақстан облысы – тұман, екпінді жел
– Астана – жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ
– Павлодар облысы – жауын-шашын, көктайғақ
– Батыс Қазақстан облысы – бұрқасын, тұман, жел
– Ақтөбе облысы – қар, бұрқасын, тұман

Алматы облысы мен ірі қалаларда да қауіп сақталады
Қонаев қаласында, сондай-ақ Алматы қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі.

Ауа сапасына байланысты қосымша ескерту жарияланды
Қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты Семей, Риддер, Өскемен өңірлерінде екінші деңгейлі ескерту сақталып отыр.

Метеорологтар тұрғындарды жолға шығарда ауа райын ескеруге, ал таулы аймақтарда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды