Павлодарда әскерден босатамын деп 3,6 млн теңге алған офицер сотталды

16.02.2026, 10:28
248
Павлодарда әскерден босатамын деп 3,6 млн теңге алған офицер сотталды ЖИ иллюстрациясы

Әскерге бармауға уәде берген әскери қызметкер сотқа тартылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда әскерге шақырудан «босатып беремін» деп ақша алған қорғаныс істері жөніндегі департаменттің офицері алаяқтық үшін сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Іс материалдарына сәйкес, әскерге шақырту алған бірнеше жас жігіт таныстары арқылы Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қызмет атқарған 32 жастағы офицерге шыққан. Ол мерзімді әскери қызметтен босатып беруге уәде етіп, ақшалай сыйақы талап еткен.

«Қызмет құны» 250 мың теңгеден 1,4 млн теңгеге дейін өзгеріп отырған. Қаражаттың бір бөлігі қолма-қол берілсе, енді бір бөлігі әскери қызметкердің туыстарының банк карталарына аударылған. Эпизодтардың бірінде запастағы әскери міндетті азамат та әскери жиындардан құтылу үшін оған жүгінген.

Сотта айыпталушының әскерден босату мәселесіне ықпал ете алмайтынын біле тұра, азаматтарды әдейі алдап, ақшасын иемденгені анықталды. Іс бойынша барлығы төрт эпизод тіркелген. Келтірілген жалпы залал сомасы 3,6 млн теңгені құрады.

Кейін барлық шақырылушыларды әскери-дәрігерлік комиссия денсаулығына байланысты уақытша жарамсыз деп таныған. Осыдан кейін олар құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Жәбірленушілердің қатарында бір шақырылушының анасы да бар. Ол өзіне 1 млн теңге көлемінде залал келтірілгенін мәлімдеген.

Арыздар Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолданған.

Айыпталушы кінәсін толық мойындады. Сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде өкініш білдіруін, тергеуге көмектесуін, кәмелетке толмаған балаларының болуын және келтірілген залалды өз еркімен өтеуін ескерді. Ал ауырлататын мән-жай ретінде әскери антты бұзуы танылды.

Істі қараған Семей гарнизонының әскери соты офицерді Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 2 және 4-тармақтары бойынша (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам жасаған, бірнеше рет жасалған алаяқтық) кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен ол ұрланған соманың сегіз еселенген мөлшерінде – 29,2 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Үйқамақта отырған уақыты есепке алынып, нақты төленетін сома 28 464 750 теңге болып белгіленді.

Сонымен қатар сотталған азамат «лейтенант» әскери атағынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан шеттетілді. Айыппұл алты ай ішінде төленуі тиіс.

Бұдан бөлек, жәбірленушілерге өтемақы қорының пайдасына 78 640 теңге өндірілді. Тергеу кезінде тәркіленген 250 мың теңге мемлекет кірісіне өткізілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды