334

«7 миллион теңге»: Түркістан облысында немересі әжесін тонап кетті

Күдікті сейфті ашып, алтын мен ақшаны ұрлады.

«7 миллион теңге»: Түркістан облысында немересі әжесін тонап кетті
t.me/POLICE_of_KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында жасөспірім өз әжесін 7 миллион теңгеге тонағаны анықталды. Полицияның хабарлауынша, күдікті үйде болмаған сәтті пайдаланып, күндізгі уақытта қылмыс жасаған.

Оқиға бойынша жасалған тексеріс деректеріне сүйенсек, ол жатын бөлмедегі сейфті ашып, шамамен 3 миллион теңге қолма-қол ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған.

Жалпы шығын мөлшері 7 миллион теңгені құрады. Ұрланған әшекей бұйымдар күдікті сатуға шығарғаны анықталды.

Полиция және тергеу органдары заңға сәйкес барлық қажетті шараларды жүргізді. Күдіктінің жеке басы анықталып, дәлелдемелер тәркіленген. Іс сотқа жолданып, қаралуда.

Материал авторы