Павлодар облысында әйелдерді қудалаған екі ер адамға қылмыстық іс қозғалды

17.02.2026, 09:49
213
Павлодар облысында әйелдерді қудалаған екі ер адамға қылмыстық іс қозғалды Getty Images/Royalty-free

Бұрынғы сүйіктісін аңдыған екі күдіктіні полиция қолға түсірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында бұрынғы серіктестерін ұзақ уақыт бойы аңдыған екі ер адамға қатысты қылмыстық істер қозғалды. Оқиғалар Павлодар облысы аумағында тіркелді.

Істер азаматтарды заңсыз қудалаудың алдын алуға бағытталған «Stop сталкинг» республикалық акциясы аясында қозғалған.

Бірінші жағдай Ертіс ауданында тіркелді. Аудан орталығының тұрғыны бұрынғы күйеуінің өзін жүйелі түрде аңдып, әлеуметтік желілер арқылы қайта-қайта жазып, оның еркінен тыс байланыс орнатуға тырысатынын айтып, полицияға арызданған. Ер адамға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу міндеттемесі белгіленді.

Екінші дерек Павлодар қаласында анықталды. Әйел адам бұрынғы жігітінің соңғы бес жыл бойы өзін қудалап жүргенін мәлімдеген. Оның айтуынша, күдікті тұрақты түрде балағат сөздер жолдап, қоқан-лоқы көрсеткен. Күдікті қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция сталкинг — адамның еркіне қарсы байланыс орнатуға тырысу, аңду немесе бақылау арқылы көрінетін заңсыз және табанды қудалау екенін ескертеді. Құқық қорғау органдары азаматтарға қудалауға жол бермейтінін ашық білдіруге, барлық фактілерді тіркеуге және дер кезінде полицияға жүгінуге кеңес береді.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады