273

Қуат Хамитов Нұрлан Сабыровты қорғап, қоғамды сабырға шақырды

Ұсақ-түйекке бола тексеріс жүргізу дұрыс емес дейді Қуат Хамитов.

Қуат Хамитов Нұрлан Сабыровты қорғап, қоғамды сабырға шақырды
Maksim Konstantinov / Global Look Press, instagram.com/kuat__khamitov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, файтер Қуат Хамитов стендап-комик Нұрлан Сабыров төңірегіндегі дауға пікір білдіріп, қоғамды «адамгершілікке келуге» шақырды.

Спортшы әлеуметтік желідегі жазбасында Сабыровтың таңдауына назар аударды. Оның айтуынша, табысы жеткілікті адам шетелге кетіп, жайлы өмір сүруге әбден мүмкіндік таба алар еді. Алайда комик «Қазақстан – менің екінші отаным, өз жерім» деп, Дубайды емес, Алматыны таңдаған.

«Осындай кезде ұсақ-түйекке жармасып, тексеріс ашудың қажеті бар ма? Аз да болса адамгершілік болуы керек», – деді Қуат Хамитов.

Ол сөзін жалғап, қоғамға үн қатты:

«Біз бір-бірімізге жау болмауымыз керек. Әйтпесе сырттан жау іздемей-ақ, өзіміз өзімізге қарсы шығып барамыз. Қайда бара жатқанымызды ойланатын уақыт келді».

Еске салайық, 6 ақпанда Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны белгілі болды. Ақпаратқа сәйкес, ол Мәскеудегі Внуково әуежайына Дубайдан ұшып келген кезде ұсталған. Келесі күні комик Алматыға ұшып кеткен.

Осы жағдайға байланысты түсініктеме берген жақында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Сабыровқа қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұған әлеуметтік желілерде оның ресейлік жекеменшік әскери құрылым Вагнерге қатысы бар тұлғаларды қаржыландыруы мүмкін деген ақпараттың тарауы себеп болған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор