249

Атыраудағы оқушының балталы шабуылынан кейін мектептерге күзет күшейтіледі

Мектеп директорлары қауіпсіздік қызметін өздері ұйымдастырмақ.

Атыраудағы оқушының балталы шабуылынан кейін мектептерге күзет күшейтіледі
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында оқушының балта алып мектепте жүруі оқиғасынан кейін мектеп директорларының күзет қызметін жалдау міндеті қарастырылып отыр. Бұл туралы ІІМ өкілдері мәлімдеді.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің орынбасары Ғалым Сарғұлов мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша министрлікке бірнеше ұсыныстар берілгенін айтты. Оқу орындарына қару немесе өткір заттарды кіргізбеу шаралары білім министрлігінің бақылауында болады.

«ІІМ тарапынан қандай қауіпсіздік шаралары қолданылуы тиіс екені көрсетілген. Қауіпсіздік ұйымдарымен жұмыс ұйымдастырылды, нұсқаулықтар берілді. Мектепте қандай күзетші қызметке алынатыны, келісім-шарт шарттары мен бақылау шаралары – тек мектеп директорларының жауапкершілігінде», – деді спикер.

Сарғұловтың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда кәмелетке толмағандар қатысқан қылмыстар саны айтарлықтай азайды. 2021 жылы 8 мыңға дейін болса, 2025 жылы 2,4 мыңға дейін қысқарған.

Еске салсақ, ақпан айының басында Құлсары қаласында оқушы балта ұстап мектеп дәлізінде басқа оқушыларды қуалап жүрген видео әлеуметтік желіде таралған еді. Оқиға кезінде екі оқушы жеңіл жарақат алған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мектеп директоры өз еркімен қызметінен босатылған.

Атырау облысындағы жағдайға қатысты білім министрі Жұлдыз Сүлейменова пікір білдірді.

Материал авторы