SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:11-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Алматы қаласында сезілген.
Жер сілкінісін ТЖМ құрамындағы сейсмикалық станциялар желісі тіркеген. Алдын ала мәліметке сәйкес, зілзаланың ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай шамамен 74 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Қазіргі уақытта алынған деректер нақтыланып жатыр. Жер сілкінісінің күші мен қарқындылығы қосымша хабарланбақ.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тиісті мемлекеттік органдарды хабардар етіп, қала аумағындағы ғимараттар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Алдын ала ақпарат бойынша, қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.
RUS