Қаңтар оқиғасы: Алматыда желілік полиция бөлімінің экс-бастығы сотталды

25.04.2023, 09:18
451
Қаңтар оқиғасы: Алматыда желілік полиция бөлімінің экс-бастығы сотталды smartnews.kz

Түрксіб ауданының сотында Алматы әуежайы желілік полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Талғат Тәліповқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғат Тәліпов қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. 
Судья сотталушыны 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан, сондай-ақ 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұдан бөлек ол полиция подполковнигі атағынан айырылды.
Т.Тәліпов жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Тәліповтің әрекеттері салдарынан әуежай аумағында сауда нүктелері бар кәсіпкерлерге жалпы сомасы 414 млн теңгеден астам материалдық шығын келді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)