Таразда аялдамада тұрған 13 жастағы қызды ер адамдар ұрлап кетпек болды (ВИДЕО)

18.02.2026, 10:06
243
Таразда аялдамада тұрған 13 жастағы қызды ер адамдар ұрлап кетпек болды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Аялдамада қызды алып қашу оқиғасы тіркелді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Таразда аялдамада тұрған 13 жастағы қызды бейтаныс екі ер адам көлікке күштеп отырғызуға әрекеттенді. Оқиға күндіз болған.

Бейнежазбада жеңіл көлік аялдама жанына тоқтап, жүргізушінің түсіп, баланы қолынан тартып, салонға сүйреп кіргізбек болғаны көрінеді. Сол сәтте көліктегі екінші ер адам да оған көмектесуге ұмтылған. Алайда аялдамада тұрған ересек азамат дереу араласып, қызды қорғап қалған. Күдіктілер оқиға орнынан із суытқан.

Қыздың айтуынша, ер адамдардың бірінің басында ақ түсті бас киім болған.

Жамбыл облысының полиция департаменті мәліметінше, полицейлер күдіктілерді жедел іздестіру барысында ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

«Полицияға аялдамада тұрған кәмелетке толмаған қызды екі белгісіз адамның автокөлікпен алып кетпек болғаны туралы хабарлама түсті. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ведомство.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Балалардың қауіпсіздігіне қол сұғатын кез келген әрекет құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында болатыны атап өтілді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады