Германиядан келген күйеу жігіт жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
Әлеуметтік желілерде қазақ қызы мен шетелдік күйеу баланың тойы қызу талқыланып жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ қыз бен Германиядан келген күйеу жігіттің тойы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Видеоға ерекше көңіл бөлінгені – күйеу жігіттің шынайы әрі кең күлкісі, ол көрермендерге позитив сыйлады.
Жас жігіт гүл шоқтарымен тойға келіп, ашық көңіл-күйі мен жылы күлкісі арқылы көпшілік назарын аударды. Күйеу жігіттің бұл көңілді бейнесі талқылаудың басты тақырыбына айналды.
Пайдаланушылар күйеу жігіттің жүріс-тұрысына тәнті болып, әзілмен қазақ жігіттерінің сирек күлетінін атап өтті. Сонымен қатар, олар жас жұбайларға бақыт тіледі және күйеу жігіттің дәстүрлі қазақ шапанында болғанын ерекше атап өтті.
Материал авторы