Әйгілі жазушы Пауло Коэльо Қазақстанды құттықтады
«Алхимик» романының авторы қазақ даласынан естелік сурет жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бразилияның әйгілі жазушысы Пауло Коэльо Қазақстанмен байланысын тағы бір мәрте көрсетті. «Алхимик» романының авторы өзінің Instagram парақшасында қазақ даласында түсірілген фотосуретті жариялап, Қытай күнтізбесі бойынша Жылқы жылымен келген жаңа жылмен оқырмандарын құттықтады.
«Әлемді аралап жүріп, Қазақстанға келдім. Жылқы жылына шаба отырып, баршаңызға Жаңа жыл құтты болсын!» — деп жазды Коэльо.
Қазақстандықтар бұл суретті қуанышпен қабылдап, жазушыға кітаптары үшін алғыстарын айтып, елге қайта келуге шақырды.
Айта кететін жайт, жарияланған сурет архивтік болып табылады. Ол 2005 жылы Пауло Коэльо Транссібір темір жолы арқылы саяхаттағанда Алматы мен басқа аймақтарды аралағанда түсірілген. Жазушы осы және басқа да сол кездегі фотосуреттерді (мысалы, аңшылық бүркітпен түсірілген суреттерді) бірнеше рет әлеуметтік желілерінде «Kazakhstan 2005» деген жазумен бөліскен.
Материал авторы